Әлеумет Алматы мен Ташкент арасында жылдам пойыз жүретін болды Редактор 28.03.2022 9273 1 оқу мин Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасына «Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс» бағыты бойынша алғашқы халықаралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Өзбекстан темір жолдары АҚ мәліметінше, 2022 жылдың 2 мамырынан бастап Алматы-2 – Ташкент – Алматы-2 («Тальго-Тұлпар») бағытымен аптасына үш рет № 1/2 тұрақты жылдам пойызы ұйымдастырылады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысымен (Қазақстан темір жолы) тиісті келісімдер жасалған. Ташкенттен келетін бұл пойыз сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүреді. Ал Алматыдан Өзбекстанға дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері жолға шығады. Атап өтілгендей, билеттерді электронды форматта және теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Еске салайық, Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары жерүсті өткізу бекеттері арқылы шекарадан еркін өте алады. «16 наурыздан бастап Өзбекстанның Тәжікстан және Қазақстан шекарасындағы жерүсті өткізу пункттері арқылы барлық адамдардың өтуіне қойылған уақытша шектеулер алынды», – деп мәлімдеді Өзбекстан көлік министрлігі. Сондай-ақ екі елдің қалалары арасында тұрақты автобус және теміржол қатынасы қалпына келтіріліп жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 09.10.2025 47999 Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Әлеумет Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 08.10.2025 45966 Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 08.10.2025 46139