Әлеумет Алматы мен Ташкент арасында жылдам пойыз жүретін болды Редактор 28.03.2022 13850 1 оқу мин Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасына «Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс» бағыты бойынша алғашқы халықаралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Өзбекстан темір жолдары АҚ мәліметінше, 2022 жылдың 2 мамырынан бастап Алматы-2 – Ташкент – Алматы-2 («Тальго-Тұлпар») бағытымен аптасына үш рет № 1/2 тұрақты жылдам пойызы ұйымдастырылады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысымен (Қазақстан темір жолы) тиісті келісімдер жасалған. Ташкенттен келетін бұл пойыз сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүреді. Ал Алматыдан Өзбекстанға дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері жолға шығады. Атап өтілгендей, билеттерді электронды форматта және теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Еске салайық, Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары жерүсті өткізу бекеттері арқылы шекарадан еркін өте алады. «16 наурыздан бастап Өзбекстанның Тәжікстан және Қазақстан шекарасындағы жерүсті өткізу пункттері арқылы барлық адамдардың өтуіне қойылған уақытша шектеулер алынды», – деп мәлімдеді Өзбекстан көлік министрлігі. Сондай-ақ екі елдің қалалары арасында тұрақты автобус және теміржол қатынасы қалпына келтіріліп жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911