Әлеумет Түркістан облысының тұрғыны көмекші көлік жасап шықты Редактор 18.04.2022 10218 1 оқу мин Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Лесбек батыр елді мекенінің тұрғыны Абзал Жасұзақ ауыл шаруашылығына көмектесетін «темір тұлпар» құрастырып шығарды. Ол бұл техниканы жасауға алты ай уақыт жұмсаған. Шағын ғана жаңа техника мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары үшін таптырмас құрал болғалы тұр. Көлік қожалық аймағында жүк тасуға, қора тазалауға, тағы басқа жұмыстарға өте қолайлы. Абзал Жасұзақ мектепті бітірген соң техникаға әуестігіне байланысты білімін Абай ауылындағы №13 кәсіптік колледжінде жалғастырған. Бұған дейін де 33 жастағы әуесқой маман мал шаруашылығына ыңғайлы бірнеше құрылғылар жасап, оларды пайдалана білген. Жақында жасап шыққан бұл техникасын Абзал шебер «SherAz» маркасымен таңбалапты, онысы «Шебер Абзал» дегенді білдіреді екен. Өнертапқыш қазіргі таңда мал шаруашылығымен айналысады. Оның айтуынша, күнделікті айналысып жүрген кәсібінде бұндай техникалардың пайдасы мол. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 16561 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 24741 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30343