Әлеумет Түркістан облысының тұрғыны көмекші көлік жасап шықты Редактор 18.04.2022 11782 1 оқу мин Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Лесбек батыр елді мекенінің тұрғыны Абзал Жасұзақ ауыл шаруашылығына көмектесетін «темір тұлпар» құрастырып шығарды. Ол бұл техниканы жасауға алты ай уақыт жұмсаған. Шағын ғана жаңа техника мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары үшін таптырмас құрал болғалы тұр. Көлік қожалық аймағында жүк тасуға, қора тазалауға, тағы басқа жұмыстарға өте қолайлы. Абзал Жасұзақ мектепті бітірген соң техникаға әуестігіне байланысты білімін Абай ауылындағы №13 кәсіптік колледжінде жалғастырған. Бұған дейін де 33 жастағы әуесқой маман мал шаруашылығына ыңғайлы бірнеше құрылғылар жасап, оларды пайдалана білген. Жақында жасап шыққан бұл техникасын Абзал шебер «SherAz» маркасымен таңбалапты, онысы «Шебер Абзал» дегенді білдіреді екен. Өнертапқыш қазіргі таңда мал шаруашылығымен айналысады. Оның айтуынша, күнделікті айналысып жүрген кәсібінде бұндай техникалардың пайдасы мол. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5355 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5926 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5154