Әлеумет «DENSAULYQ» кәсіподағы Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерге құрмет көрсетті Редактор 09.05.2022 10979 1 оқу мин 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерді құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Кәсіподақ бастамасымен Түркістан облысы медицина ұйымдарынан 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлердің тізімін жасақталды. Осыған сәйкес 14 медициналық мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 20 ардагер кәсіподақ мүшесі анықталды. Жылдар өткенімен ардагерлеріміздің ерлігі ел есінде сақтаулы. Осыған орай кәсіподақ атынан ардагерлерге құрмет көрсетілді. Оқ пен оттың арасында ерлік еткендердің бірі- Ленгір қалалық емханасының бас дәрігері Алимбаев Ерғали. Қан майданда қызмет еткен ардагер жауынгерді «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен арнайы құттықтап барды. Салтанатты шара кезінде Сакен Арыстанұлы емханадағы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Мұнан кейін кәсіподақ атынан Ергали Садуақасұлына кәсіподақ атынан алғыс хат және бағалы сыйлық табыс етілді. Жалпы мереке қарсаңында 20 ардагер «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі атынан марапатталып, түрлі сыйлықтарға ие болды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 16670 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 24897 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30358