Әлеумет «DENSAULYQ» кәсіподағы Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерге құрмет көрсетті Редактор 09.05.2022 12799 1 оқу мин 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерді құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Кәсіподақ бастамасымен Түркістан облысы медицина ұйымдарынан 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлердің тізімін жасақталды. Осыған сәйкес 14 медициналық мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 20 ардагер кәсіподақ мүшесі анықталды. Жылдар өткенімен ардагерлеріміздің ерлігі ел есінде сақтаулы. Осыған орай кәсіподақ атынан ардагерлерге құрмет көрсетілді. Оқ пен оттың арасында ерлік еткендердің бірі- Ленгір қалалық емханасының бас дәрігері Алимбаев Ерғали. Қан майданда қызмет еткен ардагер жауынгерді «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен арнайы құттықтап барды. Салтанатты шара кезінде Сакен Арыстанұлы емханадағы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Мұнан кейін кәсіподақ атынан Ергали Садуақасұлына кәсіподақ атынан алғыс хат және бағалы сыйлық табыс етілді. Жалпы мереке қарсаңында 20 ардагер «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі атынан марапатталып, түрлі сыйлықтарға ие болды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5355 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5926 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5154