Әлеумет Мектеп директоры ұстаздарға аузына келгенді айтқан видео тарады Редактор 30.05.2022 6994 1 оқу мин Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданындағы №219 мектепте болған мұғалімдердің жиналысында үлкен шу болды. Онда директор білім ұясының қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, ұрыс шығарды, деп хабарлайды Экспресс К. Тіпті ауызына келген былапыт сөздерді айтты. Ұстаздар жиналысының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда мектеп басшысы мұғалімдерді менсінбейтіндей көрініп, оларға бейәдеп сөздермен жекіп тастады. Сендер майталман мұғалім болған жоқсыңдар. Бұлар да мұрынбоқ болып келген. Енді келіп, спорт шебері болып отыр ма? — деп ұрысады директор. Ал жарияланған тағы бір бейнежазбада білім ұясының басшысы тіпті сорақы сөйлейді. Барыңдар баратын жерлеріңе. Оңбаған дейін десем, 35 жыл бірге жүрсіңдер. Сендерге сенім жоқ. Айуан, — деп шу шығарады мектеп басшысы. Ал видеодан дөрекі сөйлейтін директорды мұғалімдердің сабырға шақырып жатқаны көрінеді. Алайда ашуға берліген басшы қол астындағылардың сөзін құлағына қыстырмайды. Жиналыс кезіндегі даудың неден туындағанын Экспресс К тілшісі аудандық білім бөлімінің басшысынан сұрап білді. Қазір сол оқиғаға байланысты диекторды шақырдым. Мән-жайды толық анықтағаннан кейін ақпарат беремін. Ол жерде директордың орынбасарына байланысты жиналыс өткізілген. Басшының тәртіптік мәселесі қаралатын болады, — дейді білім бөлімінің басшысы Қанат Әмзеев. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 07.09.2025 6160 Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 1 оқу мин Әлеумет Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 05.09.2025 7804 Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 04.09.2025 8320