Әлеумет Мектеп директоры ұстаздарға аузына келгенді айтқан видео тарады Редактор 30.05.2022 11146 1 оқу мин Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданындағы №219 мектепте болған мұғалімдердің жиналысында үлкен шу болды. Онда директор білім ұясының қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, ұрыс шығарды, деп хабарлайды Экспресс К. Тіпті ауызына келген былапыт сөздерді айтты. Ұстаздар жиналысының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда мектеп басшысы мұғалімдерді менсінбейтіндей көрініп, оларға бейәдеп сөздермен жекіп тастады. Сендер майталман мұғалім болған жоқсыңдар. Бұлар да мұрынбоқ болып келген. Енді келіп, спорт шебері болып отыр ма? — деп ұрысады директор. Ал жарияланған тағы бір бейнежазбада білім ұясының басшысы тіпті сорақы сөйлейді. Барыңдар баратын жерлеріңе. Оңбаған дейін десем, 35 жыл бірге жүрсіңдер. Сендерге сенім жоқ. Айуан, — деп шу шығарады мектеп басшысы. Ал видеодан дөрекі сөйлейтін директорды мұғалімдердің сабырға шақырып жатқаны көрінеді. Алайда ашуға берліген басшы қол астындағылардың сөзін құлағына қыстырмайды. Жиналыс кезіндегі даудың неден туындағанын Экспресс К тілшісі аудандық білім бөлімінің басшысынан сұрап білді. Қазір сол оқиғаға байланысты диекторды шақырдым. Мән-жайды толық анықтағаннан кейін ақпарат беремін. Ол жерде директордың орынбасарына байланысты жиналыс өткізілген. Басшының тәртіптік мәселесі қаралатын болады, — дейді білім бөлімінің басшысы Қанат Әмзеев. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6008 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6819 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480