Әлеумет Тәртіп сақшылары азаматтардың құқығын қорғауды басты назарда ұстайды Редактор 09.06.2022 4076 1 оқу мин Қоғамдық орында болсын, отбасында болсын ешкімнің құқығына қол сұғуға ешкімнің қақысы жоқ. Тәртіп сақшылары азаматтардың құқығын қорғауды басты назарда ұстайды. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз ер адам көше бойында өзіне тиісіп, мазасын алып жатқанын айтқан. Хабарламаны естіген бойда полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға тез арада келіп жетті. Тәртіп сақшылары әйелге қысым көрсетуші ер адамның мас халде екендігінен күдіктеніп, оны полиция бөліміне жеткізді. Содан сот-сараптамалық нәтиже тағайындалып, аталған азаматтың есірткі затын қолданғаны белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорларымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Сонымен қатар тінту барысында күдіктінің сол жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас ұнтақтар табылды. Айғақ ретінде алынған затқа сот сараптама тағайындалып, нәтижесінде «гашиш» есірткі заты екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 25.11.2024 2819 Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 33175 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 31507