Әлеумет Тәртіп сақшылары азаматтардың құқығын қорғауды басты назарда ұстайды Редактор 09.06.2022 11654 1 оқу мин Қоғамдық орында болсын, отбасында болсын ешкімнің құқығына қол сұғуға ешкімнің қақысы жоқ. Тәртіп сақшылары азаматтардың құқығын қорғауды басты назарда ұстайды. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз ер адам көше бойында өзіне тиісіп, мазасын алып жатқанын айтқан. Хабарламаны естіген бойда полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға тез арада келіп жетті. Тәртіп сақшылары әйелге қысым көрсетуші ер адамның мас халде екендігінен күдіктеніп, оны полиция бөліміне жеткізді. Содан сот-сараптамалық нәтиже тағайындалып, аталған азаматтың есірткі затын қолданғаны белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорларымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Сонымен қатар тінту барысында күдіктінің сол жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас ұнтақтар табылды. Айғақ ретінде алынған затқа сот сараптама тағайындалып, нәтижесінде «гашиш» есірткі заты екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911