Әлеумет Полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға үгіт-насихат жүргізуде Редактор 18.06.2022 13171 1 оқу мин Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес еліміздің басым міндеттерінің бірі. Кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап береді. Отбасындағы ұсақ кикілжің кейде үлкен дауға ұласып, соңы адам өлімімен де аяқталып жатады. Осындай қайғылы жағдайлар орын алмас үшін құқық қорғаушылар арнайы рейдтер ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп тұрады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Айжан Мырзахметова мен Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің сектор меңгерушісі Жазира Абылова «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» тақырып аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Тиісті мамандар адам көп шоғырланатын жерлерге барып, тұрғындармен сөйлесіп, оларға зорлық-зомбылық туралы толық түсіндіріп, брошюралар таратты. Полиция қызметкерлері күш қолдану, ұрып-соғу, намысқа тию, қоғамнан оқшаулау секілді зорлыққа душар болған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтып өтті. Тәртіп сақшылары тұрғындардың сұрақтарына тұшымды жауап беріп, кеңестерімен бөлісті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 17044 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25245 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30685