Әлеумет Полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға үгіт-насихат жүргізуде Редактор 18.06.2022 17114 1 оқу мин Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес еліміздің басым міндеттерінің бірі. Кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап береді. Отбасындағы ұсақ кикілжің кейде үлкен дауға ұласып, соңы адам өлімімен де аяқталып жатады. Осындай қайғылы жағдайлар орын алмас үшін құқық қорғаушылар арнайы рейдтер ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп тұрады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Айжан Мырзахметова мен Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің сектор меңгерушісі Жазира Абылова «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» тақырып аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Тиісті мамандар адам көп шоғырланатын жерлерге барып, тұрғындармен сөйлесіп, оларға зорлық-зомбылық туралы толық түсіндіріп, брошюралар таратты. Полиция қызметкерлері күш қолдану, ұрып-соғу, намысқа тию, қоғамнан оқшаулау секілді зорлыққа душар болған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтып өтті. Тәртіп сақшылары тұрғындардың сұрақтарына тұшымды жауап беріп, кеңестерімен бөлісті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961