Әлеумет Мәжбүрлеп өндіру үшін 50 қаулы, 2 жеке тұлғаның жұмыс орындарына және жеке сот орындаушыларға жолданды Редактор 18.06.2022 5747 1 оқу мин Көлік жүргізішулерінің кейбірі немқұрайдылығының салдарынан салық төлеуді міндетті деп санамайтындығы өкінішті. Соңынан екі еселеп төлеуге мәжбүр болатындығын білсе де қол сілтеп жүре береді. Ал іс-шара барысында қолға түсіп қалса ғана «есі кіреді». Түркістан облысының полицейлері 13-17 маусым күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шараның мақсаты – мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдерді төлемеген азаматтарды, сондай-ақ көлік жүргізушілерін тексеру, оларға ескерту жұмыстарын жүргізу. Аталған іс-шара кезінде Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция қызметкерлері алғашқы тәулікте 2 құқық бұзушылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабы «Құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша тіркеп, көлікті айып тұраққа қойды. 25 көлік жүргізушіге айыппұл төлеу керектігі ескертілді. Мәжбүрлеп өндіру үшін 50 қаулы, 2 жеке тұлғаның жұмыс орындарына және жеке сот орындаушыларға жолданды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға егер де әкімшілік құқықбұзушылық жасап, хаттама толтырған жағдайда оны 7 тәулік ішінде төлесеңіз 50% жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік барын ескертеді. Және де айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарып, 100% төлеу міндеттеледі. Қаулы шыққан күннен бастап, 30 күн ішінде айыппұл ерікті түрде төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндіру үшін жұмыс орындары мен сот орындаушыларға жолданатындығын хабарлайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 25.11.2024 1795 Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 32726 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 30954