Әлеумет Мәжбүрлеп өндіру үшін 50 қаулы, 2 жеке тұлғаның жұмыс орындарына және жеке сот орындаушыларға жолданды Редактор 18.06.2022 13268 1 оқу мин Көлік жүргізішулерінің кейбірі немқұрайдылығының салдарынан салық төлеуді міндетті деп санамайтындығы өкінішті. Соңынан екі еселеп төлеуге мәжбүр болатындығын білсе де қол сілтеп жүре береді. Ал іс-шара барысында қолға түсіп қалса ғана «есі кіреді». Түркістан облысының полицейлері 13-17 маусым күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шараның мақсаты – мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдерді төлемеген азаматтарды, сондай-ақ көлік жүргізушілерін тексеру, оларға ескерту жұмыстарын жүргізу. Аталған іс-шара кезінде Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция қызметкерлері алғашқы тәулікте 2 құқық бұзушылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабы «Құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша тіркеп, көлікті айып тұраққа қойды. 25 көлік жүргізушіге айыппұл төлеу керектігі ескертілді. Мәжбүрлеп өндіру үшін 50 қаулы, 2 жеке тұлғаның жұмыс орындарына және жеке сот орындаушыларға жолданды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға егер де әкімшілік құқықбұзушылық жасап, хаттама толтырған жағдайда оны 7 тәулік ішінде төлесеңіз 50% жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік барын ескертеді. Және де айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарып, 100% төлеу міндеттеледі. Қаулы шыққан күннен бастап, 30 күн ішінде айыппұл ерікті түрде төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндіру үшін жұмыс орындары мен сот орындаушыларға жолданатындығын хабарлайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5355 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5926 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5231