Әлеумет Келесте келелі кездесу өтті Редактор 19.06.2022 19379 1 оқу мин Бүгінде Түркістан облысының барлық аудандарында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізілуде. Тәртіп сақшылары аталмыш акцияны науқандық жұмысқа айналдырмай тұрғындарға пайдасы тиетіндей нәтижелі өткізіп жүр. Күні кеше аталмыш акция Келес ауданында жалғасын тапты. Полиция қызметкерлері әкімдік жанында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы төрағасының хатшысы Ж.Махамбеталиева, аналар кеңесінің төрайымы Г.Сарсенова, полиция майоры Э.Есенкулова, полиция майоры С.Абдрахов, психолог С.Мұрат және де «Сәт» телеарнасының қызметкерлері қатысты. Шараға жиналғандар зорлық-зомбылық бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға үнпарақтар таратылды. Тәртіп сақшылары мұндай шаралардың аудан тұрғындары үшін берері мол деп санайды. Өйткені әр азамат өзінің құқығын қорғай алуы керек әрі құқықтық сауатты болуы тиіс. Және мемлекет тарапынан олар үшін жағдай жасалғандығын еске салады. Әрі әр азаматтың құқығының тапталмауы назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8610 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5983