Әлеумет Келесте келелі кездесу өтті Редактор 19.06.2022 20867 1 оқу мин Бүгінде Түркістан облысының барлық аудандарында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізілуде. Тәртіп сақшылары аталмыш акцияны науқандық жұмысқа айналдырмай тұрғындарға пайдасы тиетіндей нәтижелі өткізіп жүр. Күні кеше аталмыш акция Келес ауданында жалғасын тапты. Полиция қызметкерлері әкімдік жанында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы төрағасының хатшысы Ж.Махамбеталиева, аналар кеңесінің төрайымы Г.Сарсенова, полиция майоры Э.Есенкулова, полиция майоры С.Абдрахов, психолог С.Мұрат және де «Сәт» телеарнасының қызметкерлері қатысты. Шараға жиналғандар зорлық-зомбылық бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға үнпарақтар таратылды. Тәртіп сақшылары мұндай шаралардың аудан тұрғындары үшін берері мол деп санайды. Өйткені әр азамат өзінің құқығын қорғай алуы керек әрі құқықтық сауатты болуы тиіс. Және мемлекет тарапынан олар үшін жағдай жасалғандығын еске салады. Әрі әр азаматтың құқығының тапталмауы назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6036 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480