Әлеумет 43 азаматтың Әкімшілік құқық бұзғаны анықталды Редактор 20.06.2022 8201 1 оқу мин Ұрлықтың үлкен, кішісі жоқ. Ауылдағы ризық несібенің көзі төрт түлік малға қырғидай тиген барымташылар ауыл халқының тынышын алып тұр. Сүтін, етін сатып малдың пайдасын көреміз бе деген ауылдағы ағайын тал түсте төрт түлігінен айырылып қалып отыр. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының халқы соңғы жылдары жайылымдағы малының қамын ойлап, мазасыз күй кешуде. Оған себеп – ауданда мал ұрлығының өршуі. Осы жағдайға алаңдаған Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дамыл таппай, түрлі рейдтік шара ұйымдастырып, мал ұрлығының алдын алуда тынымсыз жұмыс атқаруда. Тәртіп сақшылары мал базарларды қатаң бақылауға алды. Сақшылар мал тасымалдайтын 40-қа жуық көліктерді тоқтатып, құжаттарын тексерді. Тексеру барысында құқық бұзған 6 азамат анықталып, құжаттары заңды шара көрілу үшін аудандық ветеринариялық инспекциясына жолданды. Атап кетер жайт, жыл басынан бері 43 азаматтың Әкімшілік құқық бұзғаны анықталып, оларға Қазақстан Ресупубликасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында арнайы рейдтік шаралар жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 07.09.2025 8341 Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 1 оқу мин Әлеумет Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 05.09.2025 9982 Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 04.09.2025 10171