Әлеумет 43 азаматтың Әкімшілік құқық бұзғаны анықталды Редактор 20.06.2022 14754 1 оқу мин Ұрлықтың үлкен, кішісі жоқ. Ауылдағы ризық несібенің көзі төрт түлік малға қырғидай тиген барымташылар ауыл халқының тынышын алып тұр. Сүтін, етін сатып малдың пайдасын көреміз бе деген ауылдағы ағайын тал түсте төрт түлігінен айырылып қалып отыр. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының халқы соңғы жылдары жайылымдағы малының қамын ойлап, мазасыз күй кешуде. Оған себеп – ауданда мал ұрлығының өршуі. Осы жағдайға алаңдаған Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дамыл таппай, түрлі рейдтік шара ұйымдастырып, мал ұрлығының алдын алуда тынымсыз жұмыс атқаруда. Тәртіп сақшылары мал базарларды қатаң бақылауға алды. Сақшылар мал тасымалдайтын 40-қа жуық көліктерді тоқтатып, құжаттарын тексерді. Тексеру барысында құқық бұзған 6 азамат анықталып, құжаттары заңды шара көрілу үшін аудандық ветеринариялық инспекциясына жолданды. Атап кетер жайт, жыл басынан бері 43 азаматтың Әкімшілік құқық бұзғаны анықталып, оларға Қазақстан Ресупубликасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында арнайы рейдтік шаралар жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911