Әлеумет Түн жамылған барымташылар қақпанға түсті Редактор 21.06.2022 10014 1 оқу мин Төрт түлікті бағып, қағып, ризық несібесін айырып отырған ауылдағы ағайын бүгінде қиындыққа тап келді. Өйткені жайылымды аңдыған ұрылар малға тыныштық берер емес. Күні кеше Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда жүрген 6 бас саулық қойын, 2 бас қозысын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 430 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алды. Полицейлер арызды тіркей салысымен оқиға орнына жылдам жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Әрине ұры алыстан келмейді. Тәртіп сақшылары жақын аумақты түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде Түркістан қаласының үш тұрғыны ұсталды. Сезікті үш жігіттің екеуі ағайынды, үшіншісі досы болып келеді. Олар ұрлыққа түнгі уақытта жасаған, яғни әбден барлау жасап, бақташының жоқтығын пайдаланып барған. Барымташылар ұрлаған малдарды сатып, ақшасын керек жарақтарына жаратып жіберген. Қазіргі таңда суыққолдылар қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондықтан да төрт түлік жайылымда жүргенде ешуақытта да қараусыз қалдырмауды ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 2627 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39667 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37515