Әлеумет Түн жамылған барымташылар қақпанға түсті Редактор 21.06.2022 13837 1 оқу мин Төрт түлікті бағып, қағып, ризық несібесін айырып отырған ауылдағы ағайын бүгінде қиындыққа тап келді. Өйткені жайылымды аңдыған ұрылар малға тыныштық берер емес. Күні кеше Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда жүрген 6 бас саулық қойын, 2 бас қозысын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 430 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алды. Полицейлер арызды тіркей салысымен оқиға орнына жылдам жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Әрине ұры алыстан келмейді. Тәртіп сақшылары жақын аумақты түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде Түркістан қаласының үш тұрғыны ұсталды. Сезікті үш жігіттің екеуі ағайынды, үшіншісі досы болып келеді. Олар ұрлыққа түнгі уақытта жасаған, яғни әбден барлау жасап, бақташының жоқтығын пайдаланып барған. Барымташылар ұрлаған малдарды сатып, ақшасын керек жарақтарына жаратып жіберген. Қазіргі таңда суыққолдылар қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондықтан да төрт түлік жайылымда жүргенде ешуақытта да қараусыз қалдырмауды ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961