Әлеумет БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ Редактор 22.06.2022 10687 1 оқу мин Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады. Облыс әкімдігі аппараты мен басқармалар мамандары аймақтағы балалар үйлерінің 156 тәрбиеленушісін Шымкент қаласындағы «FONTAN» аквапаркіне апарып, мерекелік сый жасады. “Балаларға қуанышты күн сыйла!” атауымен өткен игі бастамаға Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, “Балаларды қолдау орталығы” тәрбиеленушілері қатысты. Бұл бастама аймақтағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан алғаш рет ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар тек бассейінге түсіп қана қоймай, ыстық тағамдармен, түрлі тәттілермен қамтамасыз етіліп, мерекелік атмосфераны сезінді. Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігі тарапынан осындай қайырымды шаралар мемлекет тарапынан да, демеушілердің қолдауымен де тұрақты өткізіліп келеді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 17543 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25351 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30865