Әлеумет БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ Редактор 22.06.2022 13922 1 оқу мин Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады. Облыс әкімдігі аппараты мен басқармалар мамандары аймақтағы балалар үйлерінің 156 тәрбиеленушісін Шымкент қаласындағы «FONTAN» аквапаркіне апарып, мерекелік сый жасады. “Балаларға қуанышты күн сыйла!” атауымен өткен игі бастамаға Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, “Балаларды қолдау орталығы” тәрбиеленушілері қатысты. Бұл бастама аймақтағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан алғаш рет ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар тек бассейінге түсіп қана қоймай, ыстық тағамдармен, түрлі тәттілермен қамтамасыз етіліп, мерекелік атмосфераны сезінді. Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігі тарапынан осындай қайырымды шаралар мемлекет тарапынан да, демеушілердің қолдауымен де тұрақты өткізіліп келеді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911