Әлеумет Өзгенің атынан несие рәсімдеп алған… Редактор 01.07.2022 8291 1 оқу мин Соңғы әлетте алаяқтық қылмысы өршіп барады. Жасы да, жасамысы да ашкөздікпен өзгенің дүниесін жымқырып кетпекті, не болмаса алдап алмақты кәсіп қылып алған. Дегенмен «көп асқанға бір тосқан» болатынын ұмытып кете беретіндері өкінішті. Алаяқтықтың адымы қысқа екенін тәртіп сақшыларының нәтижелі жұмысынан көруге болады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызын айта келіпті. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы ұялы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 000 теңге рәсімдеген, оын да азсынса керек, шағын несие беру ұйымынан тағы да 79 000 теңге несие алған. Көршісінен түк те күдіктенбеген әйел айлар өткенде «қарызыңыз көбейіп кетті» деп банк қызметкері хабарласқанда ғана біледі. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 639 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Анықталғандай күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтық гүлдеп тұрған шақта «қоңырау шалып алайын» десе де ұялы телефонды тіпті танысыңызға да ұстатпау қажет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 1565 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39268 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37322