Әлеумет Өзгенің атынан несие рәсімдеп алған… Редактор 01.07.2022 12335 1 оқу мин Соңғы әлетте алаяқтық қылмысы өршіп барады. Жасы да, жасамысы да ашкөздікпен өзгенің дүниесін жымқырып кетпекті, не болмаса алдап алмақты кәсіп қылып алған. Дегенмен «көп асқанға бір тосқан» болатынын ұмытып кете беретіндері өкінішті. Алаяқтықтың адымы қысқа екенін тәртіп сақшыларының нәтижелі жұмысынан көруге болады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызын айта келіпті. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы ұялы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 000 теңге рәсімдеген, оын да азсынса керек, шағын несие беру ұйымынан тағы да 79 000 теңге несие алған. Көршісінен түк те күдіктенбеген әйел айлар өткенде «қарызыңыз көбейіп кетті» деп банк қызметкері хабарласқанда ғана біледі. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 639 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Анықталғандай күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтық гүлдеп тұрған шақта «қоңырау шалып алайын» десе де ұялы телефонды тіпті танысыңызға да ұстатпау қажет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961