Әлеумет Оңай олжаға кенелмек болып еді Редактор 02.07.2022 9871 1 оқу мин Ұры алыстан келмейді. Ауыл халқының күнкөріс көзі – төрт түлікке жаудай тиетін суыққолдылар жайылымда арқандаулы тұрған малдарды да үптеп кетуде. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөліміне күні кеше жергілікті екі бірдей тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның жайылымдық жерде арқандаулы тұрған екі бас жылқысын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жылқы малының нарықтық құны әрқайсысы 300 000 теңгеге бағаланған. Ал екінші жәбірленуші ер адам, ауыл ішінде жайылып жүрген 2 бас сауынды сиырын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін көрсеткен. Сауынды сиыр ба бүгінде арзан емес. Әрқайсысы 700 000 теңге тұратыны белгілі. Тал түсте төрт түлігінен айырылып қалған жәбірленушілерге келген шығын көлемі 1 000 000 теңге құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Бүгінде жиілеп кеткен мал ұрлығы қылмысын ашу да оңай емес. Дегенмен тәжірибелі тәртіп сақшылары жаудың алыстан келмейтінін бағамдап, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Көп ұзамай ізге түсті. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталды. Олар үш жергілікті тұрғын болып шықты. Қаржының жоқтығы салдарынан осылайша оңай олжаға кенелмек болған үшеу осындай әрекетке барған. Жайылымда қараусыз қалған малдарды оңай иемденіп кеткен. Сатып алушы да тез табыла қойыпты. Арзанға бағаланған малды жедел сатып, ақшасын жаратып та үлгерген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аз ғана ақшаға бола, қылмысқа барған үшеу енді тиісті жазаларын алатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 1565 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39268 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37322