Әлеумет Оңай олжаға кенелмек болып еді Редактор 02.07.2022 11903 1 оқу мин Ұры алыстан келмейді. Ауыл халқының күнкөріс көзі – төрт түлікке жаудай тиетін суыққолдылар жайылымда арқандаулы тұрған малдарды да үптеп кетуде. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөліміне күні кеше жергілікті екі бірдей тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның жайылымдық жерде арқандаулы тұрған екі бас жылқысын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жылқы малының нарықтық құны әрқайсысы 300 000 теңгеге бағаланған. Ал екінші жәбірленуші ер адам, ауыл ішінде жайылып жүрген 2 бас сауынды сиырын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін көрсеткен. Сауынды сиыр ба бүгінде арзан емес. Әрқайсысы 700 000 теңге тұратыны белгілі. Тал түсте төрт түлігінен айырылып қалған жәбірленушілерге келген шығын көлемі 1 000 000 теңге құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Бүгінде жиілеп кеткен мал ұрлығы қылмысын ашу да оңай емес. Дегенмен тәжірибелі тәртіп сақшылары жаудың алыстан келмейтінін бағамдап, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Көп ұзамай ізге түсті. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталды. Олар үш жергілікті тұрғын болып шықты. Қаржының жоқтығы салдарынан осылайша оңай олжаға кенелмек болған үшеу осындай әрекетке барған. Жайылымда қараусыз қалған малдарды оңай иемденіп кеткен. Сатып алушы да тез табыла қойыпты. Арзанға бағаланған малды жедел сатып, ақшасын жаратып та үлгерген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аз ғана ақшаға бола, қылмысқа барған үшеу енді тиісті жазаларын алатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Насыбайшылар қолға түсті 1 оқу мин Әлеумет Насыбайшылар қолға түсті 12.06.2026 5195 В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 1 оқу мин Әлеумет В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 11.06.2026 3134 Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 1 оқу мин Әлеумет Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 11.06.2026 3170