Әлеумет Полиция қызметкерінің өмiрi мен денсаулығына қауiпті күш қолдану фактісі бойынша іс сотқа жіберілді Редактор 17.07.2022 9747 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы учаскелік полиция инспекторының өмiрi мен денсаулығына қауiпті күш қолданды деген айыппен қала тұрғыны 1986ж.т. М.Матеновке қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында а.ж. сәуір айында Матенов өзінің жақын туысқандарының шақыртуымен оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін келген учаскелік полиция инспекторының заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткені және кетпенмен соққы жасап қолын сындырып, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтіргені анықталды. Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы күдіктінің жоғарыда аталған қылмысты жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен оның іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-бөлігімен (билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты оған қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті күш қолдану) саралаған. Аталған бапта бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 17794 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25476 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 31135