Әлеумет Полиция қызметкерінің өмiрi мен денсаулығына қауiпті күш қолдану фактісі бойынша іс сотқа жіберілді Редактор 17.07.2022 13910 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы учаскелік полиция инспекторының өмiрi мен денсаулығына қауiпті күш қолданды деген айыппен қала тұрғыны 1986ж.т. М.Матеновке қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында а.ж. сәуір айында Матенов өзінің жақын туысқандарының шақыртуымен оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін келген учаскелік полиция инспекторының заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткені және кетпенмен соққы жасап қолын сындырып, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтіргені анықталды. Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы күдіктінің жоғарыда аталған қылмысты жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен оның іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-бөлігімен (билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты оған қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті күш қолдану) саралаған. Аталған бапта бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911