Әлеумет Соғым саудасын қыздырамын деп сан соғып қалды Редактор 18.07.2022 7006 1 оқу мин Алаяқтық адам таңдамайтын болса керек. Бүгінде нәзікжандылар алаяқтық жасаудан ер азаматтардан да озып кетті. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Соғым саудасын қыздырамын деп сан соғып қалған. Оның айтуынша, танысы шаруа қожалығынан «жылқы еттерін сатып, әр айдың соңында ақшасын жинап беремін» — деп, сеніміне кіріп, 8 бас жылқы етін алып кеткен. Арада апталап айлар, жылжып жылдар өтеді. Уәдесін ұмытып, әне міне деп сиырқұйымшақтандырып жіберген соң амал жоқ құқық қорғаушылардан көмек сұраудан басқа амалы қалмаған. Жәбірленушіге келген шығын 2 500 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын анықталды. Ол бұрын сотты болған орта жастағы әйел. Күдікті әйел еттерді сатып, ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Өзгенің ақшасын қайтару ойына да кіріп шықпаса керек. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелдің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 3284 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 4387 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 4413