Әлеумет Соғым саудасын қыздырамын деп сан соғып қалды Редактор 18.07.2022 12178 1 оқу мин Алаяқтық адам таңдамайтын болса керек. Бүгінде нәзікжандылар алаяқтық жасаудан ер азаматтардан да озып кетті. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Соғым саудасын қыздырамын деп сан соғып қалған. Оның айтуынша, танысы шаруа қожалығынан «жылқы еттерін сатып, әр айдың соңында ақшасын жинап беремін» — деп, сеніміне кіріп, 8 бас жылқы етін алып кеткен. Арада апталап айлар, жылжып жылдар өтеді. Уәдесін ұмытып, әне міне деп сиырқұйымшақтандырып жіберген соң амал жоқ құқық қорғаушылардан көмек сұраудан басқа амалы қалмаған. Жәбірленушіге келген шығын 2 500 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын анықталды. Ол бұрын сотты болған орта жастағы әйел. Күдікті әйел еттерді сатып, ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Өзгенің ақшасын қайтару ойына да кіріп шықпаса керек. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелдің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10361 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9183 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992