Әлеумет Өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды Редактор 19.07.2022 10203 1 оқу мин Бүгінде көлік ұрлығы да көбейіп тұр. Қараусыз, ашық қалдырылған көліктерді аңдып жүріп, айдап кететіндердің қарасы да аз емес. Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды жуырда. Оның айтуынш, түнгі уақытта үйінің қақпасы алдында тұрған «Ваз-2107» маркалы көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынысыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті. Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде жетісайлық полицейлер тәулік ішінде жәбірленушінің көлігінің тұрған жерін және күдіктінің жеке-басын анықтады. Яғни жүйелі атқарылған жұмыс арқасында көлікті заңсыз айдаған ер адам ұсталды. Анықталғандай күдікті түнгі уақытта көшеде, кілттенбеген көлікті байқап, арам ойын іске асырып, айдап кеткен. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8610 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5983