Әлеумет Өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды Редактор 19.07.2022 12721 1 оқу мин Бүгінде көлік ұрлығы да көбейіп тұр. Қараусыз, ашық қалдырылған көліктерді аңдып жүріп, айдап кететіндердің қарасы да аз емес. Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды жуырда. Оның айтуынш, түнгі уақытта үйінің қақпасы алдында тұрған «Ваз-2107» маркалы көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынысыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті. Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде жетісайлық полицейлер тәулік ішінде жәбірленушінің көлігінің тұрған жерін және күдіктінің жеке-басын анықтады. Яғни жүйелі атқарылған жұмыс арқасында көлікті заңсыз айдаған ер адам ұсталды. Анықталғандай күдікті түнгі уақытта көшеде, кілттенбеген көлікті байқап, арам ойын іске асырып, айдап кеткен. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10361 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9183 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992