Әлеумет Түн жамылып төрт түлікті ұрлаған үшеу қамауға алынды Редактор 21.07.2022 6420 1 оқу мин Мал ұрлығының өршіп кетуінен ауылдағы ағайын төрт түлігін жайылымға шығаруға да қорқып қалды. Көзді ала бере суыққолдылар қақшып кетіп жүр. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, жайылымда жүрген 2 бас сиырын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 550 000 теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер хабар түсісімен оқиға орнына жылдам жетті. Олар мал ұрлығы қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде Қазығұрт ауданының 3 тұрғыны ұсталды. Сезікті үш жігіттің екеуі ағайынды, үшіншісі досы болып шықты. Олар түнгі уақытта бақташының жоқтығын, малдың қараусыз қалғанын аңдып, ұтымды сәтті өз пайдаларына сәтті пайдалана білген. Барымташылар ұрлаған малдарды сатып, ақшасын өз бас пайдаларына жаратқан. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 36750 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 34991 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 34086