Әлеумет Түн жамылып төрт түлікті ұрлаған үшеу қамауға алынды Редактор 21.07.2022 1263 1 оқу мин Мал ұрлығының өршіп кетуінен ауылдағы ағайын төрт түлігін жайылымға шығаруға да қорқып қалды. Көзді ала бере суыққолдылар қақшып кетіп жүр. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, жайылымда жүрген 2 бас сиырын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 550 000 теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер хабар түсісімен оқиға орнына жылдам жетті. Олар мал ұрлығы қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде Қазығұрт ауданының 3 тұрғыны ұсталды. Сезікті үш жігіттің екеуі ағайынды, үшіншісі досы болып шықты. Олар түнгі уақытта бақташының жоқтығын, малдың қараусыз қалғанын аңдып, ұтымды сәтті өз пайдаларына сәтті пайдалана білген. Барымташылар ұрлаған малдарды сатып, ақшасын өз бас пайдаларына жаратқан. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Төреарық ауылында жаңа медициналық мекеме ашылды 1 оқу мин Әлеумет Төреарық ауылында жаңа медициналық мекеме ашылды 04.05.2024 833 Балаларға күрделі оталар облыс орталығында жасалуда 1 оқу мин Әлеумет Балаларға күрделі оталар облыс орталығында жасалуда 04.05.2024 711 Министр қызмет көрсету сапасына баса назар аударды 1 оқу мин Әлеумет Министр қызмет көрсету сапасына баса назар аударды 04.05.2024 1266