Әлеумет Медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға қатысты бақылауды күшейту хаттамалық шешімге енгізілді Редактор 22.07.2022 8915 1 оқу мин Түркістан облысының прокуроры М.Т.Алиханов өткен алқа мәжілісінде денсаулық саласындағы жүйелі заңсыздықтарға қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бақылау орнатпағанын сынға алды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру облысымызда оң нәтиже беріп жатқанымен, өздерін өздері жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар арнайы жарналар төлемеген жағдайда, оларға стационарлық ем қабылдау барысында қиындық туғызуда. Сондықтан, уәкілетті органдар басшылары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіп, азаматтардың кепілдендірілген тегін медициналық көмекті алуына қол жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру міндеттерін алды. Прокуратураның тексеруімен азаматтардың медицина қызметкерлерінің әрекетсіздіктеріне қатысты жазған арыз-шағымдары тиісті түрде қаралмайтыны анықталып, ол туралы құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді. Сонымен бірге, азаматтардың ем алу тәртібі мен сапасын сақтау және «Covid-19» індетіне қарсы дайындық іс-шаралары мен емдеу сатысындағы кейбір кемшіліктер ескерусіз қалмады. Алқа мәжілісінің қорытындысымен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға қатысты бақылауды күшейту туралы нақты тапсырмалар хаттамалық шешімге енгізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 38521 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 36533 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 35433