Әлеумет Медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға қатысты бақылауды күшейту хаттамалық шешімге енгізілді Редактор 22.07.2022 2774 1 оқу мин Түркістан облысының прокуроры М.Т.Алиханов өткен алқа мәжілісінде денсаулық саласындағы жүйелі заңсыздықтарға қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бақылау орнатпағанын сынға алды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру облысымызда оң нәтиже беріп жатқанымен, өздерін өздері жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар арнайы жарналар төлемеген жағдайда, оларға стационарлық ем қабылдау барысында қиындық туғызуда. Сондықтан, уәкілетті органдар басшылары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіп, азаматтардың кепілдендірілген тегін медициналық көмекті алуына қол жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру міндеттерін алды. Прокуратураның тексеруімен азаматтардың медицина қызметкерлерінің әрекетсіздіктеріне қатысты жазған арыз-шағымдары тиісті түрде қаралмайтыны анықталып, ол туралы құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді. Сонымен бірге, азаматтардың ем алу тәртібі мен сапасын сақтау және «Covid-19» індетіне қарсы дайындық іс-шаралары мен емдеу сатысындағы кейбір кемшіліктер ескерусіз қалмады. Алқа мәжілісінің қорытындысымен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға қатысты бақылауды күшейту туралы нақты тапсырмалар хаттамалық шешімге енгізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 1 оқу мин Әлеумет 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 05.05.2024 1394 Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 1 оқу мин Әлеумет Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 05.05.2024 1701 Күрделі ота сәтті өтті 1 оқу мин Әлеумет Күрделі ота сәтті өтті 05.05.2024 1352