Әлеумет Құрлық әскерлерінде бөлімдерді жауынгерлік үйлестіру аяқталды Редактор 06.08.2022 11437 1 оқу мин Қарулы күштерде жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі саналатын бөлімшелер, экипаждар мен есептоптарды үйлестіру аяқталуға жақын. Әскери қызметшілерді оқыту кезеңі жауынгерлік оқ атумен жаттығуымен аяқталады. Олардың 30%-ы түнгі уақытта ұйымдастырылады. Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу полигондарындағы практикалық сабақтар взвод командирлерінің басшылығымен өтеді. Олар бөлімшелерді, экипаждар мен есептоптарды дайындауға жауапты. Взвод командирлерінің бастамасымен жеке құрам далалық дағдысын жетілдіріп, кіші командирлер бөлімшені басқару дағдыларын арттырады. Сондай-ақ әртүрлі ұрыс түрлерінде бөлімшелердің атысын басқаруды үйреніп, қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын да қадағалайды. – Жауынгерлік оқу атулар – тактикалық дайындықтың нағыз қызған шағы, бөлімшелердің жауынгерлік үйлестіруі мен атыс дағдысының соңғы кезеңі. Жауынгерлік оқ атулар барысында жеке құрам өзара іс-қимыл жасауды, штаттық қаруды тиімді қолдануды, жауынгерлік жағдайда оны шебер басқаруды үйренеді, – деп атап өтті Бас қолбасшының орынбасары – ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы генерал-майор Нұрлан Алдияров. Жауынгерлік оқ атулар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың талдауын ескере отырып жүргізіледі. Оларды жүзеге асыру үшін бөлімшелердің штаттық қару-жарағының барлық түрінен жердегі және әуедегі нысаналарға оқ атуды көздеуге жағдай жасалады. Осы кезеңде бөлімшелердің барлығы 500-дің үстінде жауынгерлік атысын өткізу жоспарланған. Сабақтардың тақырыбы мен уақытын жауынгерлік даярлық бағдарламасына сүйене отырып, рота командирлері анықтайтын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 7427 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 9981 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 6176