Әлеумет Құрлық әскерлерінде бөлімдерді жауынгерлік үйлестіру аяқталды Редактор 06.08.2022 14722 1 оқу мин Қарулы күштерде жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі саналатын бөлімшелер, экипаждар мен есептоптарды үйлестіру аяқталуға жақын. Әскери қызметшілерді оқыту кезеңі жауынгерлік оқ атумен жаттығуымен аяқталады. Олардың 30%-ы түнгі уақытта ұйымдастырылады. Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу полигондарындағы практикалық сабақтар взвод командирлерінің басшылығымен өтеді. Олар бөлімшелерді, экипаждар мен есептоптарды дайындауға жауапты. Взвод командирлерінің бастамасымен жеке құрам далалық дағдысын жетілдіріп, кіші командирлер бөлімшені басқару дағдыларын арттырады. Сондай-ақ әртүрлі ұрыс түрлерінде бөлімшелердің атысын басқаруды үйреніп, қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын да қадағалайды. – Жауынгерлік оқу атулар – тактикалық дайындықтың нағыз қызған шағы, бөлімшелердің жауынгерлік үйлестіруі мен атыс дағдысының соңғы кезеңі. Жауынгерлік оқ атулар барысында жеке құрам өзара іс-қимыл жасауды, штаттық қаруды тиімді қолдануды, жауынгерлік жағдайда оны шебер басқаруды үйренеді, – деп атап өтті Бас қолбасшының орынбасары – ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы генерал-майор Нұрлан Алдияров. Жауынгерлік оқ атулар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың талдауын ескере отырып жүргізіледі. Оларды жүзеге асыру үшін бөлімшелердің штаттық қару-жарағының барлық түрінен жердегі және әуедегі нысаналарға оқ атуды көздеуге жағдай жасалады. Осы кезеңде бөлімшелердің барлығы 500-дің үстінде жауынгерлік атысын өткізу жоспарланған. Сабақтардың тақырыбы мен уақытын жауынгерлік даярлық бағдарламасына сүйене отырып, рота командирлері анықтайтын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961