Әлеумет Жас сарбаздар білек күшін сынасты Редактор 07.08.2022 9413 1 оқу мин Түркістанда Амфитеатрдағы «Жастар» орталығында елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған республикалық Tartyl Fest фестивалі өтті. Tartyl Fest турникке тартылу сайысына аға буын өкілдері, жастар, мектеп жасындағы балалар, блогерлер қатысуда. Жүлде қоры да қомақты, 3 млн теңге. Ашылу салтанатында сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы 270-тен астам үміткер тіркеліпті. Спорттық шара бұған дейін Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында жалғасты. 10 шілде — 8 қыркүйек аралығында өтетін шара еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, әр қаладан 27 жеңімпаз анықталады. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады деп күтілуде. Гранд-финалдың жүлде қоры — 54 млн теңге. Гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады. Фестиваль барысында көпшілік эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісовтың қатысуымен өткен концертті тамашалады. Еске салайық, Tartyl Fest Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Dara» дарындыларды қолдау қорының» ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Жас Сарбаз әскери патриоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша филиалының атынан қатысқан жас өрендер жүлделі орындардан көрінді. Жетекшісі Аймурзаев Ербол. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 4962 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 9332 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 5890