Әлеумет Жас сарбаздар білек күшін сынасты Редактор 07.08.2022 15274 1 оқу мин Түркістанда Амфитеатрдағы «Жастар» орталығында елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған республикалық Tartyl Fest фестивалі өтті. Tartyl Fest турникке тартылу сайысына аға буын өкілдері, жастар, мектеп жасындағы балалар, блогерлер қатысуда. Жүлде қоры да қомақты, 3 млн теңге. Ашылу салтанатында сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы 270-тен астам үміткер тіркеліпті. Спорттық шара бұған дейін Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында жалғасты. 10 шілде — 8 қыркүйек аралығында өтетін шара еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, әр қаладан 27 жеңімпаз анықталады. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады деп күтілуде. Гранд-финалдың жүлде қоры — 54 млн теңге. Гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады. Фестиваль барысында көпшілік эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісовтың қатысуымен өткен концертті тамашалады. Еске салайық, Tartyl Fest Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Dara» дарындыларды қолдау қорының» ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Жас Сарбаз әскери патриоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша филиалының атынан қатысқан жас өрендер жүлделі орындардан көрінді. Жетекшісі Аймурзаев Ербол. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018