Әлеумет Қазақстандықтарға 1 млн. теңге берілетіні рас па — министрлік Редактор 17.08.2022 10800 1 оқу мин Алаяқтар тұрғындарға телефон шалып, өздерін еңбек министрлігінің қызметкеріміз деп таныстырып жатыр, деп хабарлайды Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды алданып қалмауға шақырды. «Белгісіз біреулер азаматтарға телефон соғып, өздерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкері ретінде таныстырып, 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп ескертті министрлік. Ведомство ақпаратынша, алаяқтар материалдық көмек көрсетеміз деген желеумен шотты бұғаттан шығаруды және қарызды өтеуді сұрайды (барлық жағдайда несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан шоттар бұғатталған). Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотын бұғаттан шығарғаннан кейін алаяқтар техникалық ақауды сылтауратып, көмек көрсету мүмкін еместігін айтады. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлем азаматтардың өтініші негізінде немесе проактивті форматта жүргізіледі, деп мәлімдеді ведомстводағылар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8709 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5989