Әлеумет Қазақстандықтарға 1 млн. теңге берілетіні рас па — министрлік Редактор 17.08.2022 12360 1 оқу мин Алаяқтар тұрғындарға телефон шалып, өздерін еңбек министрлігінің қызметкеріміз деп таныстырып жатыр, деп хабарлайды Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды алданып қалмауға шақырды. «Белгісіз біреулер азаматтарға телефон соғып, өздерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкері ретінде таныстырып, 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп ескертті министрлік. Ведомство ақпаратынша, алаяқтар материалдық көмек көрсетеміз деген желеумен шотты бұғаттан шығаруды және қарызды өтеуді сұрайды (барлық жағдайда несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан шоттар бұғатталған). Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотын бұғаттан шығарғаннан кейін алаяқтар техникалық ақауды сылтауратып, көмек көрсету мүмкін еместігін айтады. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлем азаматтардың өтініші негізінде немесе проактивті форматта жүргізіледі, деп мәлімдеді ведомстводағылар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6109 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592