Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚОСТАНАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ Редактор 04.09.2022 8666 1 оқу мин Қостанай облысында орын алған табиғи апатқа байланысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. Онда жанашыр азаматтар тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шаралары ұйымдастырылады. «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылып, жұмысын бастады. Бүгін Түркістан қалалық мәслихат депутаты Ақиқат Абдуллаев алғашқылардың бірі болып өз көмегін қабылдау пунктіне жеткізді. Ол қостанайлықтармен осындай қиын сәтте бірге екенін және жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейтінін айтты. Сондай-ақ Мақтааралдағы су тасқыны, Арыстағы апат кезінде елдің әр түкпірінен оның ішінде Қостанай жұртшылығы да игі істен қапы қалмай қолдау білдіргенін атап өтті. Қабылдау пунктінде жолға жарамды әрі қажетті азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек бұйымдары жинақталады. Түркістандықтарды қайырымдылық шараға белсенді атсалысуға шақырамыз! Қабылдау пунктінің мекен-жайы: Түркістан қаласы, О.Мұсабеков көшесі №2А ғимаратында орналасқан COWORKING орталығы Байланыс нөмір: +7 776 373 96 96 Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 36750 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 34991 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 34086