Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚОСТАНАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ Редактор 04.09.2022 13123 1 оқу мин Қостанай облысында орын алған табиғи апатқа байланысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. Онда жанашыр азаматтар тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шаралары ұйымдастырылады. «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылып, жұмысын бастады. Бүгін Түркістан қалалық мәслихат депутаты Ақиқат Абдуллаев алғашқылардың бірі болып өз көмегін қабылдау пунктіне жеткізді. Ол қостанайлықтармен осындай қиын сәтте бірге екенін және жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейтінін айтты. Сондай-ақ Мақтааралдағы су тасқыны, Арыстағы апат кезінде елдің әр түкпірінен оның ішінде Қостанай жұртшылығы да игі істен қапы қалмай қолдау білдіргенін атап өтті. Қабылдау пунктінде жолға жарамды әрі қажетті азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек бұйымдары жинақталады. Түркістандықтарды қайырымдылық шараға белсенді атсалысуға шақырамыз! Қабылдау пунктінің мекен-жайы: Түркістан қаласы, О.Мұсабеков көшесі №2А ғимаратында орналасқан COWORKING орталығы Байланыс нөмір: +7 776 373 96 96 Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961