Әлеумет 200 мұғалімнің орны бос тұр Редактор 12.09.2022 6733 1 оқу мин Қарағанды облысында мұғалімдер жетіспейді. 200 орын бос қалып отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірде физика, математика, химия және орыс тілі оқытушыларының жетіспеушілігі байқалады. Мұғалімдердің тапшылығына байланысты кейбір мектеп басшылары зейнеткерлермен келісімшартты ұзартуға мәжбүр. «Жыл басынан бері 728 оқытушы қажет болды. Бүгін біз 500-ге жуық мұғалімді жұмысқа қабылдадық. Кейбір мектептерде конкурс өткізіледі. Көптеген мұғалімдер басқа қалаға көшеді. Иә, кадр жетіспеушілігі проблемасы бар», — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова. Сонымен қатар, Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарының екі мектебі апатты жағдайда тұр. Оларды қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы ғана басталатындықтан, оқушылар ескі ғимаратта тағы бір оқу жылын өткізуге мәжбүр болады. Ведомство басшысы облыс мектептерінің 80% кеңес өкіметі кезінде салынғанын және бүгінде тозғанын жасырмады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 2477 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 7313 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 4723