Әлеумет 200 мұғалімнің орны бос тұр Редактор 12.09.2022 11766 1 оқу мин Қарағанды облысында мұғалімдер жетіспейді. 200 орын бос қалып отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірде физика, математика, химия және орыс тілі оқытушыларының жетіспеушілігі байқалады. Мұғалімдердің тапшылығына байланысты кейбір мектеп басшылары зейнеткерлермен келісімшартты ұзартуға мәжбүр. «Жыл басынан бері 728 оқытушы қажет болды. Бүгін біз 500-ге жуық мұғалімді жұмысқа қабылдадық. Кейбір мектептерде конкурс өткізіледі. Көптеген мұғалімдер басқа қалаға көшеді. Иә, кадр жетіспеушілігі проблемасы бар», — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова. Сонымен қатар, Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарының екі мектебі апатты жағдайда тұр. Оларды қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы ғана басталатындықтан, оқушылар ескі ғимаратта тағы бір оқу жылын өткізуге мәжбүр болады. Ведомство басшысы облыс мектептерінің 80% кеңес өкіметі кезінде салынғанын және бүгінде тозғанын жасырмады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6109 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592