Мұсылмандық парызын өтемекке ниет еткендер бұрын қажылық сапарға облыс орталығынан тікелей рейс арқылы ұша алмайтын. Бүгінде бес парыздың бірін өтемекті ниет еткендерге барынша жағдай жасалып жатыр. Енді бұрынғыдай басқа қалалар арқылы ұшпай, қиналмай-ақ бірден Мекке-Мәдинә қалаларына жете алатын болады. Ол үшін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығынан тікелей ұшақ қатынасы ашылды. Иісі мұсылман қауымға мұндай ыңғайлы рейстер биыл алғаш рет қолға алынып отыр. Бұл да болса мұсылмандық парызды орындауға ниет еткендер үшін аса қуанышты жаңалық болып отыр. Бірінші рейс төрт жүзге жуық азаматты алып, ұшып кетті. Биыл қажылыққа аттану үшін қазақстандықтарға 3 000 квота берілген. Оның басым бөлігі — Оңтүстіктен. Шымкент қаласынан шығатын компания ұшақтары Мәдинә қаласына аттанады. Қайтар бағыттары да осылай болмақ. Қажылыққа атанғандардың сапары биыл 20 күнге жалғаспақ. Сондай-ақ, 1 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы әуежайдан екінші рейспен тағы да 400 адам Меккеге қарай жол тартады. Айта кетейік, өткен жылы мұсылман қауымының осы бес парызының бірін өтеуге еліміз бойынша 5500 адам аттанса, биыл бұл көрсеткіш 1000 адамға кеміп отыр. Қажылық сапарына жерлестеріміз қыркүйек айының соңғы күндерінен бастап жолға шыққан. Облыс имамдарының айтуынша, биыл Меккеге жол жүрушілерге бар жағдай жасалып отыр. Тіпті бұрын соңды болмаған жаңалық та бар. Ол ас мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдарының енгізілуі. Сондай ақ парызын өтемекке ниет ерткендердің барлығына да минингитке қарсы вакцина егілетін болады. Оның үстіне олар бір апталық оқу курсынан өтеді. Бәрінен бұрын осы жылы міндеттелген парызды орындаған қауым үшін бұрын соңды болмаған жаңалық та жоқ емес. Мұхамеджан Естеміров, облыс имамының орынбасары: «Қажыларға сол Меккеде қажы деген куәлік тапсырылады. Бұл үлкен жаңалық десек болады, себебі, бұрын-соңды мұндай оқиға болмаған». Айта кетейік, биыл қажылыққа Қазақстан бойынша 4400 адам жол тартпақ, соның 2200-і — біздің жерлестеріміз. Бұрын Шымкенттен Меккеге жететін тура бағыттағы ұшақ болмағандықтан, қажылыққа ниет етушілердің көбі Алматы қаласына дейін пойызбен баратын. Бұған Шымкент халықаралық әуежайының басшылығы бұл бағытта тіке ұшатын әуе көлігінің болмауын жол шығынының ақталмайтынымен түсіндірген болатын. Енді міне жамағат үшін кедергілер жойылып, тікелей ұшатын бағыт ашылды. Жалпы қазір Қазақстан бойынша қажылыққа апаруға қабілетті 20-ға жуық туристік агенттік бар. Олардың ішіндегі 4-уі Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген.Жыл жылжыған сайын праызын өтеуге ниет еткендердің қарасы көбеюне байланысты Сауд Арабиясының Қажылық министрлiгi жыл сайын бөлінетiн квотаның санын да арттырамыз деп отыр. Мекке шаһарына бет түзегендердің көбісі қарт кісілер. Сондықтан сапар кезінде оларды арнайы дәрiгерлер бақылауда ұстап, алғашқы көмек ұсынатын болады. Қажылық — мұсылманның өз адал қаражаты және бар болмысымен орындайтын құлшылығы. Қасиетті сапар кезінде әр мұсылман баласы қағбаны жеті рет айналу керек. Мұнан кейін Сафа және Мару төбесінен жеті рет жаяу жүреді. Бұлар — қажылық кезіндегі негізгі амалдар. Негізінде қажылық сапарға адалдап тапқан қаржымен барған дұрыс деп есептейді. Сапарға аттанбас бұрын туыған туыс, ағайын бауыр, бала шағамен қоштасқан дұрыс дейді. Өйткені алдағыны Алла ғана біледі. Сондықтан да парыз етілген барлық амалдарды орындау мұсылманның міндеті. Негізінде осы парызын өтеуді ниет қылғандар ол жаққа барғанда қалай жүріп тұру керек, қандай амалдар орындау керек бәрі апталық оқу курсында оқытылады. Қажылық сапарға тікелей Шымкенттен ұшатын әуе рейсін ашылғаны үшін оңтүстік жұртшылығы ризашылығын білдіруде. Алдағы уақытта ниет еткендердің қарасы көбейетіні сөзсіз.