Әлеумет Сарыағашта жеңгетайлықтың 2 дерегі мен «жеңіл жүрісті» 26 қыз анықталды Редактор 27.12.2022 35170 1 оқу мин Түркістан облысының полицейлері жеңгетайлықтың 2 дерегі мен «жеңіл жүрісті» 26 қызды анықтады Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысу үшін жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың екі дерегін анықтап, жолын кесті. Жедел уәкілдер іздестіру іс-шаралары кезінде, интимдік қызметтерді ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілерін ұстады. Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан құралған екі қылмыстық топ, яғни «жеңіл жүрісті қыздарды» жинап, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны анықталды. Полиция қызметкерлері сауна мен «хостелді» қарау кезінде, ақшалай сыйақы үшін өздерінің интимдік қызметтерін ұсынған Өзбекстан азаматтары, яғни «жеңіл жүрісті» 26 қызды анықтап, жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТБТ-да тіркелді. Қолма-қол ақша және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 2 млн. теңге төленбеген айыппұлы бар “Opel Vectra” маркалы автокөлігі анықталды 1 оқу мин Әлеумет 2 млн. теңге төленбеген айыппұлы бар “Opel Vectra” маркалы автокөлігі анықталды 23.08.2025 7498 Шымкентте полиция екі есірткі өткізушіден ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте полиция екі есірткі өткізушіден ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі 21.08.2025 11170 Аялдамада жанжал шығарғаны үшін айыппұл арқалады 1 оқу мин Әлеумет Аялдамада жанжал шығарғаны үшін айыппұл арқалады 19.08.2025 14620