Әлеумет Сарыағашта жеңгетайлықтың 2 дерегі мен «жеңіл жүрісті» 26 қыз анықталды Редактор 27.12.2022 43639 1 оқу мин Түркістан облысының полицейлері жеңгетайлықтың 2 дерегі мен «жеңіл жүрісті» 26 қызды анықтады Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысу үшін жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың екі дерегін анықтап, жолын кесті. Жедел уәкілдер іздестіру іс-шаралары кезінде, интимдік қызметтерді ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілерін ұстады. Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан құралған екі қылмыстық топ, яғни «жеңіл жүрісті қыздарды» жинап, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны анықталды. Полиция қызметкерлері сауна мен «хостелді» қарау кезінде, ақшалай сыйақы үшін өздерінің интимдік қызметтерін ұсынған Өзбекстан азаматтары, яғни «жеңіл жүрісті» 26 қызды анықтап, жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТБТ-да тіркелді. Қолма-қол ақша және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 1 оқу мин Әлеумет Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 09.07.2026 7470 Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 1 оқу мин Әлеумет Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 03.07.2026 8621 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 1 оқу мин Әлеумет 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 01.07.2026 9231