Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы аграрлық колледжі ауылшаруашылығы саласының мамандарын дайындайтын іргелі оқу орындарының бірі. Жоғары білікті ұстаздар қауымы шоғырланған білім ошағының өндірістік базасы да заман талабына сай жабдықталған. Осындағы 5,5 гектарға салынған орталықта студенттер тәжірибеден өтеді. Оқу базасының аймағындағы жүзiм, алма плантациялары бар. Қызанақ, болгар бұрышы, бидай, арпа, жүгерi егiлген базада студенттер ала жаздай еңбек етiп, тәжiрибе жинайды. Егiстiк тамшылатып суғарылады. Егiндi күтiп-баптауды агрономия және орман шаруашылығы бөлiмiнiң студенттерi мен оқытушылары жүргiзiп, теориялық бiлiмдерiн тәжiрибемен ұштастырады. Студенттер оқу бітіргенде тәжірибем жоқ деп еш қиналмайды. Өйткені колледж қабырғасында жүргенде білімдерін тәжірибемен ұштастырған. Алдағы уақытта тәлімбақтан да табыс табу қарастырылып отыр. Мұнда мал дәрiгерi мамандығына оқып жатқан студенттер де тәжірибе жинақтайды. Ол үшін арнайы мал қоралары салынып, онда төрт түлiк мал мен қояндар және зертханалық жануарлар алынған. Озық технология бойынша оқытылатындықтан колледж еліміздегі үздік 10 базалық колледж қатарына енген. Қазіргі таңда елімізде аграрлы салада маман даярлайытын оқу орындарында 50 мың студент білім алып жатыр. Оның 82 пайызы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Ол да болса агроөнеркәсіп мамандарына мол мүмкіндік беріп отыр. ОҚО-да аграрлық салада білікті мамандарды даярлау жүйесін жаңғыртуды қолға алмақ. Соңғы төрт жылда аймақта сұранысы төмен 54 мамандыққа мемлекеттік тапсырыс беру тоқтатылған. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, соңғы екі жылда 20 мамандық ашылған. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы 90 колледжде (42-і мемлекеттік, 48-і жекеменшік) 97 мамандық бойынша білім берілуде. Аталған оқу орындарында 71 мыңға жуық студент оқыса, оның 27 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыспен білім алады.
Связанные истории
06.01.2025
5983
02.01.2025
18571